Page 126 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 126
Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПТІК
ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ
ИДЕЯ ТРУДОВОГО ВОСПИТАНИЯ Ы. АЛТЫНСАРИНА И СИСТЕМА
ДУАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ В ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ
ЗАВЕДЕНИЯХ
THE IDEA OF ALTYNSARIN'S LABOR EDUCATION AND THE SYSTEM OF
DUAL TRAINING IN PROFESSIONAL EDUCATIONAL INSTITUTIONS
Сулейменова Ж.К. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, Қарағанды жоғары
политехникалық колледжі, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы
Түйінді сөздер: құзырет, экология, энергия үнемдеуші экономика, оқыту.
Ключевые слова: компетенция, экология, энергосберегающая экономика, обучение.
Keywords: competence, ecology, energy-saving economy, training.
Түйін: мақалада Ыбырай Алтынсариннің өз заманында оқу-ағарту ісіндегі жаңалығы,
қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесі, оның кәсіптік білім беру саласындағы жасалған
еңбектері, қазақ жастарына білім беріп, оларды белгілі бір кәсіппен айналысуына
атсалысқандығы туралы айтылады. Ы.Алтынсарин жастардың ізгі жүректі, инабатты, талапты,
ел-жұртына пайдалы азамат болуын көздегені туралы айтылады. Кәсіптік оқу орындарында
еңбекке тәрбиелеу жүйесі және дуальді оқыту жүйесінің ұқсастығы өзара байланыста
қаралады.
Аннотация: в статье рассказывается о новизне Ибрая Алтынсарина в сфере
профессионального образования, вопросе профессиональной подготовки казахской молодежи,
об огромной проделанной работе великого просветителя в сфере профессионального
образования, его воспитании казахской молодежи и их приобщении к определенным
профессиям. Еще одной целью педагога был, чтобы молодые люди были добрыми,
уважительными, требовательными и полезными для общества, страны. Также в статье
рассматривается взаимосвязь системы трудового воспитания и дуального обучения в сфере
профессионального образования.
Abstract: the article tells about the novelty of Ibrai Altynsarin in the field of vocational education,
the issue of vocational training of Kazakh youth, about the great work done by the great educator in the
field of vocational education, his upbringing of Kazakh youth and their introduction to certain
professions. Another goal of the teacher was for young people to be kind, respectful, demanding and
useful for society and the country. The article also examines the relationship between the system of labor
education and dual training in the field of vocational education.
«Халық үшін қызмет ететін білімді адамдардың
қатарын көбейту арқылы қазақ қоғамының
мешеулігін жоюға болады, сондықтан жастарды
оқытып-тәрбиелеу ісінен артық ешнәрсе жоқ»
Ы.Алтынсарин
Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгінгі педагогиканың
ең өзекті мәселелерінің бірі. Халқымыз жас ұрпақты өмірге дайындап, «сегіз қырлы, бір
сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар күшін, мүмкіндігін сарп
еткен.
Тәрбие ісінің туғаннан өмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да,
ғылыми педагогика да құптайды.
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ы.Алтынсарин «адам мінезін түзеп
болмайды, сүйекке біткен мінез, сүйекпен бірге кетеді» -деген қате пікірге «адамның
жақсы, не жаман болуы тәрбиеге, өскен ориелеу ісіне ең басты мәселе деп қарады.
125

