Page 127 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 127
Ауыл-ауылдарды аралап, халықтан қаржы жинап, Торғайда, Ырғызда, Тобылда,
Қостанайда, Красно-Уфимскіде орыс-қазақ бастауыш мектептерін ашады, бар күш-
қайратын, ақыл-парасатын халық ағарту ісіне жұмсайды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Ы.Алтынсарин өз ойын
іске асыруда екі бірдей кертартпа күшпен алысып бақты. Оның бірі қазақ даласындағы
Ислам дініне негізделген татарша оқу болса, екіншісі патша үкіметінің отарлау
саясатына негізделген қазақ балаларына христиан дінінің заңдарын оқытуды көздеген
миссионерлік саясат еді. Миссионерлік саясатты қолдаушылар мүмкін болғанша қазақ
жастарын орысша оқыта отырып, өз ұлтының тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен мүлде
бездіріп, орыстандыруды-шоқындыруды көздейді.
Ұлы педагог осы келеңсіз жайттар мен қиындықтарға, педагогке жабылған жала,
молдалардың таратқан өсектеріне қарамастан өзі ашқан орыс-қазақ мектептерін
миссионерлік бағыттағы жат пікірден де, шығыстың жаттамалы діни оқуынан да қорғап
бақты. Жастарға шынайы білім беретін дүнияуи пәндерді оқытуды іске асырды.
Ол алдыңғы қатарлы орыс педагогтерінің оқу құралдарын басшылыққа ала
отырып, қазақ ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлеріне негізделген екі төл оқу құралын
«Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» 1879
жылы жазып бастырып шығарды. Ол өзінің хрестоматияға енгізілген әдеби
шығармаларының бәрін негізгі педагогтік ісімен тығыз байланыстыра білген.
Шығармаларды енгізудегі мақсаты: біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-
дәстүрлерінен хабар беру принципі көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа,
еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді
олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден , жастардың, әсіресе, бастауыш сынып
оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әңгімелерді беруге тырысты. Ол өзі
аударып, хрестоматияға енгізілген Пауэльсонның, Ушинскийдің, Толстойдың
әңгімелерінде қайырымдылық, кішіпейілділік, талаптылық, еңбек сүйгіштік сияқты зор
адамгершілік қасиеттер дәріптеліп, оған қарама-қарсы жауыздық, екі жүзділік,
дүниеқорлық, т.б. жексұрын мінез-құлықтарды әшкерелеу өзекті орын алады. Ыбырай
Алтынсарин осы арқылы жастардың ізгі жүректі, инабатты, талапты, ел-жұртына
пайдалы азамат болуын көздейді.
Ыбырай Алтынсарин бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің
ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсетіп насихаттады.
Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби
мамандық беру мәселесін қолға алуы болды. Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер
училищесін, Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына
қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды. Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен және
Орынбор оқу округінің белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер
мектебі 1883 жылы Торғайда да ашылды. Мұнда негізгі оқу пәндерінен басқа
оқушыларды ұсталық өнерге баулыды. Бұл мектеп Орскіде де ашылды. Қазақ қыздары
үшін ашылған пансионаты қыздар училищелерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына
тұңғыш білім беру ісіне жол ашқан да Ы.Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ
қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұнда негізгі оқу пәндері-тігіншілік
өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін (жазу,оқу) және арифметиканы
оқыды.
Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Білімді адам ретінде ол прогреске,
білімге ұмтылудың қазақ халқы үшін қаншалықты зор маңызы бар екенін айқын көре
білді. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен
электр қуатының, егіншілік кәсібінің, телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы
туралы айтып берумен болды. Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті
мамандар даярлауға ерекше мән берді. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін
126

