Page 128 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 128
ашуға да көп күш-жігер жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының
өкілдерімен кездесу кезінде қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық
жөнінде жазылған оқу құралдарын табуға көмектесулерін өтінді.
Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш күйдіру,
көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір жону, слесарьлық
кәсіпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды қалай пайдалану, ауру
малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге қарсы қалай күресудің тәсілдерін
үйретуге тікелей өзі де қатысып жүрді. Өзінің очерктер мен ауызекі әңгімелерінде
қазақтарды диқаншылықпен айналысуға шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбек
сүйгіштікке баулыды, уақытты босқа өткізуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға
шақырды.
Ұлы кемеңгер педагогтың ойлары мен аталы сөздерінің айтылғанына көп уақыт
өтсе де жаңа ғасырдың білімді де, бәсекеге қабілетті, білікті жастар қоғамы болып отыр,
сондықтан Ыбырай тәлімінің күннен-күнге арта, мәртебесі биіктей түседі. Біздің мақсат
ұлы ұстаздың ой-пікірін түсіндіріп қою емес, оны өнегелі тұлға тәрбиелеу ісінде әрекет
арқылы өмірмен байланыста пайдалану, оқыту үрдісінде басшылыққа алу.
«Тәрбие-тал бесіктен», «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген даналық сөздер
бекерге айтылмаса керек. Ыбырайдың еңбектері тек білім, ғылым жайында емес,
тәрбиелік мәні зор.
Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму жағдайында кадрлық әлеуетті
сапалы даярлау көкейкесті болып табылады. Техникалық кәсіптік білім берудің басты
мақсаты білім алушылардың болашақ мамандықтарына қажетті білім мен практикалық
білік жүйесін қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар шығармашыл белсенді және
әлеуметтік бейімделген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Дуальдік оқытуды енгізу –бұл мемлекетіміздің бастамасымен жүзеге асырылған
мемлекеттік бағдарлама.
Дуальдік оқытудың басты артықшылығы–түлектердің жұмысқа орналасуы жоғары
пайызға жетеді, себебі оқу барысы максималды түрде өндіріс жағдайына жақын
болғандықтан, олар жұмыс берушілердің барлық талаптарына жауап береді.
2012 ж. қыркүйек айында Қарағанды жоғары политехникалық колледжі «Дуальдік
оқыту жүйесін енгізу» республикалық пилоттық жобаға кірді. «KEGOC» АҚ, Қарағанды
облысы Білім басқармасы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» ҚМКМ
арасында 3жақты келісім-шарт жасалды.
Кәсіпорын өкілдерімен бірлесе 0901000 «Электрстансалары мен қосалқы
стансаларының электр жабдықтары» мамандығы бойынша эксперименттік оқу жұмыс
жоспары және практика жоспары жасалды.
127

