Page 101 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 101

өзара  кірігуін  қамтамасыз  ету  арқылы  кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  сапасын
               арттыратындығы сөзсіз.
                     1.Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады, себебі оқу
               барысында  өндіріспен  тығыз  байланыста  болған  оқушы  жұмыс  берушінің  барлық
               талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
                     2. Жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа ортаға
               бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай алады.
               Теория  мен  тәжірибені  меңгеріп,  бекітілген  жұмысқа  деген  жауапкершілік  сезімі
               жоғарылайды.  Өндірісте  болғандықтан  ұжыммен  жұмыс  жүргізеді  және  өндірістегі
               жұмыстарға бейімделеді.
                     3. «Тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы теориялық,  яғни
               текстпен  айтудан  гөрі,  өндірістегі  жағдайға  сәйкес  жұмыс  жүргізеді.  Теориядағы
               қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.
                     4. Жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен
               байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған оқушы, өзінің
               білім мен ынтасын көрсетеді.
                     5.Студент  тек  қана  теорияны  ғана  меңгермей,  өндірістегі  соңғы  жаңалықтарды
               біліп, заманауи талаптарды меңгереді.
                     Дуальді  жүйе,  өз  мәнінде, білім  беру  мекемесі  мен  өндірісте  қатар  білім алуды
               білдіреді.  Білім  беру  теория  мен  тәжірибенің  байланысты  принципіне  негізделеді.
               Дуальді  жүйеде  тараптардың  қарым-қатынасы  тепе-теңдік  және  әділдік  принциптері
               негізінде құрылады. Әлеуметтік серіктестікке қатысушылар оқыту нәтижесіне ғана емес,
               сонымен  қатар  оқытудың  мазмұнына,  оның  ұйымдастырылуына  мүдделі.  Білім
               алушылардың әлеуметтік кепілдікке ие болуға және бәсекеге қабілетті мамандық алуға,
               мемлекеттің  кәсіби  мамандарды  даярлауға  тапсырыстың  қалыптасуына  және
               орындалуына, өндірістің өмірге және жұмысқа жақсы дайындалған білімді мамандардың
               келуіне,  оқу  орнының  білім  беру  қызметіне  сұраныстың  артуына  деген  мақсаттары
               орындалады.
                     Осы мақсатта дуальды оқытудың сапасын арттыру үшін Е.А. Бөкетов атындағы
               Қарағанды университетімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел ұйымдастырылды өткізудің
               мақсаты: колледж — ЖОО — Кәсіпорын серіктестермен бірге «Радиоэлектроника және
               байланыс» саласындағы дуальді білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру
               мәселелерін талқыланды.
                     Дөңгелек  үстел  жұмысы  барысында  келесі  мәселелер  талқыланды:  білім  беру
               бағдарламаларын  жаңарту;  өндіріс  орындарында  машықтануды  ұйымдастыру;
               тәлімгерлерді  білім  беру  жүйесіне  байланысты  дайындау;  бірлескен  өндірістік
               алаңдарды  құру,  серіктес  ұйымдардың  оқу  орталық  базаларында  білім  алушыларды
               дайындау;  білім  алушылардың  практикалық  дағдыларын  дамыту  мен  практикалық
               оқытуды ұйымдастыру әдістемесі негізінде арнайы пән оқытушыларын дайындау; білім
               алушыларды  адекватты  мониторингілеу  үшін  педагогикалық  дағдыларға  ие  жұмыс
               берушілерді дайындау;
                     Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы негізінде дуальді оқытуға арналған оқу
               кабинеттері  мен  зертханаларды  жабдықтауға  байланысты  кейбір  проблемалық
               мәселелер  анықталды,  сонымен  қатар  дуальды  білім  беру  бағдарламаларын  әзірлеу
               бойынша іс-шаралар жоспары жасалынды.
                     Оның  бірі  дуальді  кәсіби  білім  беруді  дамыту-деп  атап  өтті.  Дуальді  оқыту
               жүйесінің кәсіби мамандар даярлаудағы тиімділігі мен нәтижелілігінің мәні мынада деп
               ойлаймын:
                     1.мамандықты тереңірек ойланып таңдауға;
                     2.еңбек нарығында сұраныс деңгейінің жоғарылуына;



                                                           100
   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105   106