Page 100 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 100

Түйінді  сөздер:  дуальді  оқыту  жүйесі,  студенттердің  біліктілігін  арттыру,  кәсіби
               мамандарды дайындау, жұмыс берушімен шарт жасау,серіктес ұйымдармен орталықтар ашу, оқу
               кабинеттері  мен  зертханаларды  жабдықтау,  студенттерге  өз  кәсібіне  деген  қызығушылығын
               арттыру.
                     Ключевые  слова:  дуальная  система  обучения,  повышение  квалификации  студентов,
               подготовка  профессионалов,  заключение  договоров  с  работодателем,  открытие  центров  с
               партнерскими  организациями,  оснащение  учебных  кабинетов  и  лабораторий,  повышение
               интереса студентов к своей профессии.
                     Keywords:dual  training  system,  advanced  training  of  students,  training  of  professionals,
               conclusion of contracts with the employer, opening of centers with partner organizations, equipping
               classrooms and laboratories, increasing students' interest in their profession.
                     Түйін:  мақалада  білім  беру  орнында  оқу  –  тәрбие  процесін  жаңғырту  құралы  ретінде
               дуальді оқыту жүйесінің элементтерін енгізудің кейбір мүмкіндіктері жайлы, дуальді оқытуда
               техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  сапалы  кадрлары  дайындау  туралы  қарастырылған.
               Әлеуметтік –  әріптестік  аркылы колледж  студенттерінің  теория мен тәжірибені ұштастырып,
               өндірістік іс-тәжірибеде мамандықтың қыр-сырын үйрену маңыздылығы айқындалады.
                     Аннотация: в статье рассмотрены некоторые возможности внедрения элементов системы
               дуального  обучения  как  средства  модернизации  учебно  -  воспитательного  процесса  в
               образовательном  учреждении  для  подготовки  качественных  кадров  технического  и
               профессионального образования. Для качественной подготовки специалистов важно обучение,
               в  котором  совмещена  практическая  и  теоретическая  составляющие  профессионального
               образования при социальном партнерстве.
                     Abstract: the article considers some possibilities of introducing elements of the dual training
               system as a means of modernizing the educational process in an educational institution, training high-
               quality personnel of technical and vocational education in dual training. Social partnership relations
               college  students  in  combination  with  theory  and  practice  determine  the  importance  of  high-quality
               training of specialists in industrial practice.
                     Білім беру сапасын арттыру мәселесі білім беру жүйесі үшін ғана емес, өндірістік
               сала үшін  де,  жалпы мемлекет  үшін  де  барынша  өзекті  маселелердің біріне  айналып
               отыр.
                     Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуальді жүйесі- техникалық және кәсіптік мамандар
               даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына
               бейімделген,  жұмыс  орнында  дағды  мен  білімді  тікелей  игеруге  бағытталған,
               практикалық  сағаттардың  оқыту  бағдарламасына  барынша  үйлесіммен  біріктірілетін
               білікті  мамандарды  дайындау  қазіргі кезде  білім  берудің  дуальді  жүйесі  деген  атпен
               белгілі.
                     Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге
               қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы
               бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және
               оңтайлы кадрларды даярлауды талап етеді. Осыған байланысты қойылған басты міндет
               - мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын
               облыстық  кәсіпорындар  мен  өнеркәсіптерді  білікті  мамандармен  қамтамасыз  ету
               мәселесінде жұмылдыру.
                     Дуальді оқыту біздің мамандық бойынша «07140900 Радиотехника, электроника
               және  телекомуникациялар»  осы  оқу  жылында  алғашқы  рет  жүзеге  асырдық.Дуальді
               оқытуда біздің әлеуметтік серіктеріміз «OLDIMAX» ЖШС, «Алма Телекоммуникейшнс
               Қазақстан» АҚ, «KazInnovation» ЖШС болып табылады.
                     Студенттеріміз алғашқы тәжірибені осы компанияларда өткізді, осыдан көретініміз
               студенттердің өзінің мамандығына деген қызығушылығы артты.
                     Дуальді жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктер мен дағдыларды,
               іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеріп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік
               беріп, түрлі жүйелердің – білім, ғылым, өндірістің – өзара байланысын, өзара әсерін,


                                                            99
   95   96   97   98   99   100   101   102   103   104   105