Page 99 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 99
Дуальді білім беру жүйесінің артықшылықтары мен қоса, оның кемшіліктерін атап
айтсақ:
1. Кәсіпорындағы тәжірибелік білім алу барысындағы мотивацияның
жоғарлауымен қатар білім деңгейі нашарлауы мүмкін.
2. Білім беру ұйымдарының оқу бағдарламалары әрдайым кәсіпорындарда
орындалатын жұмыстардың маусымдық реттілігімен сәйкес келе бермейді.
3. Білім беру ұйымы кейде кәсіпорындарға оқу материалдарын талап етілетін
уақытта ұсына алмауы мүмкін.
4. Кәсіпорындарда бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жаңа
мамандарды қабылдауға дайын болмауы мүмкін.
5. Қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен кәсіпорындар өздері өндіретін
өнімнің бағасын көтеру арқылы білім алуға қаражат табуға мәжбүр болады.
Білім берудің дуальдік жүйесінің мағынасын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін
қарастыра отырып келесі қорытындыларды алуға болады. Дуальдік оқыту жүйесінің
қолдағы бар кемшіліктеріне қарамай, бұл жүйе жоғары кәсіптік және орта кәсіптік білім
беретін оқу орындары түлектерінің еңбек биржасындағы қажеттілігінің, жоғары
біліктілігінің, құзіреттілігінің мамандарды даярлаудың дәстүрлі жүйесімен
салыстырғанда басымдығын көрсетеді. Оқытудың бұл моделі кәсіптік білім беретін оқу
орындарындағы ең тартымдысы болып саналады, алайда дуальді оқытудың қоғамдағы
тудыратын әлеуметтік-экономикалық жағдайының, білім беру жүйесіндегі халықаралық
жинақталған үрдісті дамытудың, қоғамдық ортадағы болатын нормативтік құжаттар мен
менталитеттің көрсететін пайдасын дұрыс ала білген қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Дуальное образование в Казахстане: цели и задачи - Білімді Ел -
Образованная страна (bilimdinews.kz)
2. Дуальное образование: кратчайший путь к трудоустройству | Новости
Центральной Азии на Camonitor.kz
3. Дуальное обучение: западные модели и казахстанские реалии»
"Просвещение" - казахстанский педагогический интернет журнал; новости
образования Казахстана (agartu.com)
4. Дуальді оқыту жүйесі дегеніміз-теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту
технологиясы. (infourok.ru)
5. Дуальді оқытудың артықшылығы неде? (egemen.kz)
6. Шумакова О.В., Мозжерина Т.Г., Комарова С.Ю. Опыт дуального
образования как возможность повышения эффективности профессиональной
подготовки обучающихся , ЭНМЖ Омского ГАУ №4
ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БІЛІМ
БЕРУ САПАСЫНА ӘСЕРІ
ПРЕИМУЩЕСТВА ДУАЛЬНОЙ СИСТЕМЫ ОБУЧЕНИЯ И ЕЕ ВЛИЯНИЕ НА
КАЧЕСТВО ОБРАЗОВАНИЯ
ADVANTAGES OF THE DUAL EDUCATION SYSTEM AND ITS IMPACT ON THE
QUALITY OF EDUCATION
Елеукин Б.М.- «Радиоэлектроника және байланыс» кафедра меңгерушісі, арнайы
пәндер оқытушысы, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қазақстан
Республикасы, Қарағанды қаласы.
98

