Page 97 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 97
that the dual education system is a promising future, thanks to which educational organizations can bring
professionals who know their business and have received appropriate professional knowledge, skills and
abilities to the labor market.
«Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар
белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын
көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл –
өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің
қайда бет алғандығын анық көрген кезде
ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады»
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі таңда дуальді білім беру жүйесі 60 елде жұмыс істейді, олардың арасында
Германия, Англия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа да елдер сияқты индустриалды
дамыған елдер бар, олар мамандарды жақсы даярлауды көрсете алды. Дуальді оқыту
жүйесі – сапалы жұмысшы мамандарды даярлау бойынша техникалық және кәсіптік
білім берудің екі тарапының бірдей жауапкершілігінің түрі. Дуальді оқыту жүйесі
бұрыннан бері әлемдік деңгейде мойындалып келеді, бұл жүйенің мақсаты: жұмысшы
және техникалық мамандықтарға мамандар даярлау және мамандарды қайта даярлаудың
тиімділігі жоғары, әрі бәсекеге қабілетті жүйесін құру арқылы техникалық және кәсіптік
білім беруді, сонымен қатар кәсіптік білім беруді ұйымдастыру барысында оқу үрдісіне
оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін
одан әрі дамыту болып табылады.
Дуальді білім беру бағдарламалары жоғары білікті мамандарды даярлау тиімділігін
арттырудың қосымша мүмкіндіктерін ашады, атап айтқанда дуалды бағдарламалар
бойынша оқыту студенттердің жан-жақты кәсіби дамуына ықпалын тигізіп қана қоймай
сонымен қатар дуалды оқыту бағдарламаларының өзара байланысын және ғылым мен
білім, ғылым мен өндіріс және т.б.сияқты әртүрлі жүйелердің өзара кірігуін, бір-біріне
тигізетін әсерін қамтамасыз етеді, бұл жағдайлар кәсіптік білім берудегі сапалы
өзгерістерге әкеледі.
Дуальді білім беру жүйесі – оқу орнында оқытуды өндірістік қызмет кезеңдерімен
ұштастыруды көздейтін білім беру жүйесі екені барлығымызға мәлім, сондықтан дуалды
білім беру жүйесі оқу орнындағы оқытуды өндірістік қызмет кезеңдерімен ұштастыруды
көздейді. Бұл жүйе бойынша оқу үрдісі келесідей ұйымдастырылады: университетте,
колледжде немесе басқа кәсіптік оқу орнында әдеттегі сабақтармен қатар (жалпы білім
беру пәндері) студенттер нақты кәсіпорынға немесе компанияға жұмысқа барады, онда
олар кәсіби дайындық негізінде тәжірибе жинақтайды.
Техникалық және кәсіптік бейіндегі мамандарды даярлау мен қайта даярлаудың
мұндай нысаны теориялық курстан өтуді және мамандардың кәсіптік даярлығын тікелей
жұмыс орындарында икемді түрде біріктіруге және білім алушыларға неғұрлым жоғары
біліктілік (дәрежелер) беруді, функционалдық міндеттерін кеңейту мүмкіндігін
қамтамасыз етуге өте жақсы мүмкіндік береді.
Дуальді білім беру жүйесінің негізгі артықшылықтары:
- жоғары білікті жұмысшылар мен техникалық мамандарды даярлау тиімділігін
арттырудың қосымша мүмкіндіктеріне қол жеткізу;
- ұсынылған кәсіби бағдарламалардың алуан түрлілігін арттыруға мүмкіндік алу;
- студенттердің жан-жақты кәсіби дамуына ықпал ету;
- әр түрлі жүйелердің (ғылым және білім, ғылым және өндіріс және т.б.) өзара
байланысын, өзара кірігуін және өзара әсер етуін қамтамасыз ету, осылардың барлығы
кәсіптік білім берудегі сапалы өзгерістерге әкеледі.
96

