Page 98 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 98
Оқу аяқталғаннан кейін дайын мамандар бірден өндіріске тартылады және олар
кәсіби бейімделу қажеттілігін керек етпейді.
Еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай дуальді оқыту
білім беру ұйымы мен жұмыс берушілердің өзара іс-қимылының өнімі болашақ
маманның сәтті кәсіби және әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік береді және білім алушы
оқу үрдісінің алғашқы кезеңдерінде-ақ өндірістік жұмысқа қосылып кәсіпорын
қызметкері ретінде жұмыс жасай алады.
Өндіріс үшін, атап айтқанда жалпы білім беретін колледж, дуальді білім беру – бұл
мамандарды «Тапсырыс бойынша» нақты дайындауға, оларды максималды түрде
мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олардың қызметкерлерді іздеу және
таңдау шығындарын үнемдейді, мамандарды кәсіпорынның барлық талаптарына сәйкес
қайта даярлау және бейімдеу сияқты мәселелерін түбегейлі шешіп береді. Сонымен
қатар, тәжірибені ең жақсы меңгерген түлектерді таңдау мүмкіндігін де береді, өйткені
студенттердің тәжірибелік оқу кезеңінде олардың күшті және әлсіз жақтары айқын
болады, өз кезегінде, бұл тәсіл студенттерді оқуға ынталандырады. Жас мамандар бірден
толық қайтарыммен және өнімділікпен жұмыс істей алады, олар кәсіпорынның өмірін
жақсы біледі және өздерін еркін сезінеді. Мұның бәрі жиынтықта мамандарды
шоғырландыруға және айналымды азайтуға көмектеседі.
Студенттер үшін дуальді оқыту – бұл өз бетінше білім алудың тамаша мүмкіндігі
және ересек өмірге ауыртпалықсыз бейімделу болып табылады.
Мемлекет үшін дуальді білім беру – біріншіден, жоғары білікті мамандарды
даярлау және оларды кедергісіз жұмысқа орналастыру, екіншіден, экономикалық
тұрғыдан алғанда, бұл жүйе өзін-өзі қаржыландыра алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді жан-жақты талдай келе айта кететін жайт – бұл
дуальді білім беру жүйесінің артықшылықтарына тоқталу, атап айтқанда:
1. Мамандарды тәжірибелік оқыту тек шеберханалар, зертханалар және білім беру
ұйымдарының полигондарында емес, сонымен қатар кәсіпорындарда да жүргізіледі.
2. Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылымы білім беру мекемелері
мен кәсіпорындардың барлық талаптарын қанағаттандыра отырып келісуге мүмкіндік
береді.
3. Оқу орны мен кәсіпорын арасында жақын қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін.
4. Жұмысқа орналасу кезінде студенттер еңбек үрдісіне тез бейімделеді.
5.Оқу орнындағы күнделікті теориялық білімдерін кәсіпорында тәжірибелік
жұмыс барысында оқып жаттығудың ең жақсы мотивациясы болып табылады және
өндіріс үрдісі айтарлықтай зардап шекпейді.
6. Мамандықты дәлірек түсінуге кепілдік береді.
Дәстүрлі білім беру үлгісінен дуалды оқыту жүйесін білім беру үдерісіне енгізу
тәжірибесі келесі артықшылықтарды дәлелдеді:
1. Дуальді білім беру дәстүрлі білім берудің негізгі оқыту құралдары мен
әдістеріндегі кездесетін кемшіліктерін жоюға бағытталған.
2. Дуальді жүйе теориялық және тәжірибелік оқыту арасындағы алшақтықты
жоққа шығарады.
3. Студенттерді білім алу кезінде кәсіпорынның корпоративтік этикасымен, оның
ерекшеліктерімен таныстыру.
4.Студенттердің теориялық білім алуға және тәжірибелік дағдыларын
қалыптастыруға деген мотивацияларын арттыру.
5.Мамандарды дуальді оқыту жүйесі кезінде оқу орындары кәсіпорындардың
болашақ қызметкерлерге қоятын барлық талаптарын ескереді.
6.Кәсіпорын басшыларының өздерінің болашақ қызметкерлеріне жоғары сападағы
теориялық және тәжірибелік білім берудегі қызығушылықтарының артуы.
97

