Page 95 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 95

Дуальді  оқытудың  келесі  артықшылығы  білім  алушының  азаматтық  қорғау
               органының  қызметкері  ретінде  ресімделуі,  демек,  азаматтық  қорғау  саласының
               талаптары  бойынша  іріктеуден  өтіп,  азаматтық  қорғау  саласында  бастапқы  оқытудан
               өткені  үшін  ол  жалақы  алады,  оның  мөлшері  сөзсіз  осы  саладағы  еңбек  сіңірген
               жылдарына байланысты болады.
                     Орта кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін оқуды жалғастыру үшін Көкшетау қаласы
               М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының жоғары оқу орнына түсуге,
               "өрт қауіпсіздігі және әскери іс бакалавры" дәрежесін алуға немесе "лейтенант" арнаулы
               атағын алу үшін және одан әрі Қазақстан Республикасы ТЖМ құрылымының аумақтық
               бөлімшелерінде қызметтерін жалғастыру үшін қажетті білімдері, дағдылары және жақсы
               мүмкіндіктері бар екендігіне назар аударған жөн. [3]
                     Алайда дуальді оқытудың кейбір кемшіліктері туралы үндемеу керек. Колледжде
               студенттерді  оқу  бейіні  бойынша  бөлудің  бастапқы  кезеңінде  бірден  студенттің
               мамандануын таңдап, ол өзін қандай қызмет саласы мен мамандыққа арнайтынын шешуі
               керек.   "Дәстүрлі"  оқыту  түрінде  студенттер  өз  мамандықтарының  барлық  мүмкін
               салаларымен  танысқаннан  кейін  мамандандыруды  тек  оқу  үрдісінің  соңғы
               семестрлерінде  таңдайды.  Азаматтық  қорғау  бөлімшелерінде,  оқытушыға,  әдетте,
               тікелей өрт сөндіру жөніндегі қызмет, не өрт қауіпсіздігінің профилактикалық қызметі,
               не Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық және әскери ісі сияқты салаларда
               оның  оқуы  өтетін  нақты  бағытты  айқындайды,  ал  кейіннен  мамандануын  өзгерту
               көбінесе қиын болады.
                     Әрине,  дуальді  оқытудың  мәні  тәжірибеге  тікелей  бағдарлануда  екенін  түсіну
               керек.  "Азаматтық  қорғау"  саласында  дуалды  оқытудың  әзірленген  бағдарламасы
               зерттеулерге  бағытталмаған,  мамандықтың  ғылыми  жағына  терең  енбейді.  Бұл  өзін
               ғылыми немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарына арнағысы келетіндер үшін кедергі болуы
               мүмкін.
                     Дуальді оқытудың оң тәжірибесі бар және азаматтық қорғау саласының салалық
               кәсіпорындарымен серіктестікте тығыз жұмыс істейтін біздің колледж бір мезгілде осы
               бағытта сапалы білім мен бай практикалық жұмыс тәжірибесін алғысы келетін мектеп
               түлектері үшін тамаша нұсқа болуға ұмтылады.
                     Бұл  ретте,  біздің  колледж  өңірдің  салалық  кәсіпорындарымен  әріптестік  пен
               ынтымақтастықты  кеңейтуге  тиісті  деңгейде  бағытталған  және  мүдделі  ұйымдармен
               өзара тиімді шарттарда меморандумдар жасасу үшін ашық.
                     Дуальді оқыту оның негіздерін түсінуден, тіпті әлеуетті студенттің ата-анасының
               түсінуінен  басталады,  ол  кезде  өсу  мен  жеке  тұлғаны  ұйымдастырудың  алғашқы
               кезеңдерінде оның өмірлік траекториясының шамамен жолы анықталады. Қабілеттерді,
               мүмкіндіктерді  диагностикалау  кезінде  жасөспірімнің  қалауы  ескеріледі,  іздеу
               басталады, әрі қарайғы шаралар жобасы жасалады.
                     Дуальді  оқыту  -  бұл  үш  әлемнің  -  отбасы,  білім  және  еңбектің  үйлесімділігін
               болжайтын механизм.

                     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
                     1.      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы
               № 414-V ҚРЗ
                     2.      Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №
               319 Заңы.
                     3.      Қазақстан  Республикасының  «Азаматтық  қорғау  туралы»  Заңы  2014
               жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.




                                                            94
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100