Page 109 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 109
ЖАҢА ҚАДАМ БАСҚАН ОҚЫТУШЫНЫҢ «ТАУ-КЕН МАМАНДЫҒЫ»
БОЙЫНША ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖУЙЕСІНЕ КӨЗҚАРАСЫ
ВЗГЛЯД НАЧИНАЮЩЕГО ПРЕПОДАВАТЕЛЯ К СИСТЕМЕ ДУАЛЬНОГО
ОБУЧЕНИЯ НА СПЕЦИАЛЬНОСТИ «ГОРНОЕ ДЕЛО»
THE VIEW OF A NOVICE TEACHER ON THE SYSTEM OF DUAL EDUCATION
IN THE SPECIALTY "MINING"
Кожахметова Г.У. - «Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжі» КМҚК, арнайы
пәндер оқытушысы.
Боранбай Н.Б. - «Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжі» КМҚК, 11-ПРМПИ-
20 тобының студенті.
Түйінді сөздер: тау-кен өнеркәсібі, дуальді оқыту жүйесі, кәсіпорын, өндіріс, бәсекеге
қабілетті.
Ключевые слова: горное дело, дуальная система обучения, предприятие, производство,
конкурентоспособный.
Keywords: mining, dual education system, company, production, competitive.
Түйін: осы мақалада Қарағанды жоғарғы политехникалық колледжінде, «Тау-кен
мамандығына» дуальді оқыту жүйесін дамыту кезеңдері.
Аннотация: в данной статье описаны этапы развития дуальной системы обучения в
Карагандинском высшем политехническом колледже на специальности «Горное дело».
Abstract: this article describes the stages of development of the dual education system at the
Karaganda Higher Polytechnic College in the specialty "Mining".
Әлемдік нарықта тау-кен өнеркәсібінің ауқымына байланысты негізгі бәсекелестік
орта әлемдік нарық болып табылады. Жаһандық нарықта бәсекенің жоғары
болғандығынан шикізат қорына деген баға тұрақсыз және де шикізатқа деген арнайы
талаптары жоғары.
Тау-кен өнеркәсібі нарықтағы талаптарға сай болу үшін келесі аспектілерді
қамтамасыз етеді:
1. Тау-кен жағдайлары және таңдалған өндіріс технологиясымен өңдеу;
2. Дайын өнімнің сапасы;
3. Жеткізу құны;
Өндірушілер мен тұтынушылардың географиялық алшақтығы тау-кен өндірісінің
ең маңызды проблемаларының бірі болып табылады.
4. Минералды шикізатты кешенді пайдалану мүмкіндігі. Кешенді қолдану –
күрделі құрамды шикізатты барынша толық өңдеу мақсатында әр түрлі бағалы өнімдерге
ретімен өңдеуден тұрады. Шикізаттың барлық компоненттерін пайдалану. Бұл қоршаған
ортаны сақтау үшін қажетті аспекті.
5. Шахтаның жылдық өнімділігін жоғарылату үшін, заманауи талаптарға сай
автоматтандырылған қондырғыларды жұмыс барысына енгізу.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау үшін, өндіріс орындары білікті де
сапалы және автоматтандырылған құрылғылармен жұмыс жасай алатын мамандарды
қажет етеді.
Ал бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғарғы білікті мамандар тапшылығы ерекше
орын алып жатқандығы баршамызға мәлім. Осы проблеманың шешімі ретінде –
мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын,
кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін, елімізде
білім беру саласына дуальдық жүйе енгізілген болатын. [1]
108

