Page 110 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 110

2019 жылы «Тау-кен мамандығының» студенттеріне дуальді оқыту жүйесін енгізу
               мақсатында, колледжіміз және «АрселорМиттал Теміртау» АҚ келісім шартқа отырған
               болатын.
                     Үш  жақты  келісімге  сәйкес  арнайы  пәндер  бойынша  тәжірибелік  сабақтар,
               өндірістік  оқыту  және  кәсіптік  практика  «АрселорМиттал  Теміртау»  АҚ  Көмір
               департаментінің  кеніштерінде  және  «Шахтер»  оқу  орталығында  өтіледі.  Мұндай
               келісімшарт бәсекеге қаблетті және техникалық білімді жетік меңгерген студенттерді
               даярлап  қана  қоймай,  сонымен  қатар  колледжге  келген  жас  мамандарға,  өз  саласы
               бойынша практикалық білімдерін дамытып жетілдіруге үлкен көмек деп білемін.
                      Кен орнымен таныстыру мақсатында студенттерімен «АрселорМиттал Теміртау»
               АҚ Көмір депортаментінің «Костенко», «Күзембаев», «Ленин», «Саран» кеніштерінде
               практикалық экскурсия жүргізген болатынмын.













                     Практикалық  сабақтардың  нәтижесінде,  кеніштерде  қолданылып  жатқан  жаңа
               қазбаны ашу жүйелерімен танысып және де қолданысқа енді енгізілейін деп жатқан EBZ-
               200 маркалы комбайнының техникалық сипаттамасымен танысып қайттым.















                     «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің жетекші мамандары, басты
               механигі Тротт А.А., басты энергетик Барковский Ю.Г. және техникалық директордың
               кеңесшісі  Костогладов  Л.М.  арнайы  пәндер  мен  практика  бойынша  жұмыс  оқу
               жоспарларды талқылауға және дайындауға белсене қатысып қана қойған жоқ. Сонымен
               қатар, әдістемелік айлық аясында 02.04.2022 және 18.03.2022 жылы аралығында «Тау-
               кен мамандығы» ұйымдастырған іс-шарада студенттер мен оқытушыларға арнап апта
               сайынғы дәрістер оқыды.



                                                           109
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115