Page 116 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 116
мемлекет алдындағы парыз т.б. жайында студенттермен сұқбат жүргізілді. «Тұтынушы
ұсынысы –ұтымды» қағидасын ескере «Кәсіби қазақ тілін» оқыту барысы түрлі жаңашыл
ойын, тапсырмалар арқылы жалғасты.
Олар: Ауысым бойы жабдық пен машинаның ірі бөлшегінің атауын тек қазақша
айту, жоспарлы істердің қойын дәптерін жасау әдіс-тәсілдері арқылы және «Бір күн –бір
тіркес»,«Баламасыз сөздер», «Белсенді баяндауыш» т.б. тапсырмалар ұтымды
қолданылды. Нәтижесінде, студенттер зауттағы жұмыс барысында автомобиль
бөлшектерімен негізгі атауларды қазақша айтып үйреніп, тілге деген қызығушылықтары
арта түсті. Кәсіби тілді дамыту оқулықтар арқылы емес, тәжірибеде өндіріс барысында
қолдану анағұрлым жеңілдігі байқалды.
Кәсіби қазақ тілін өндірісте сөйлету үшін жүйелі іс әрекет пен еңбек қажет.
«Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңға баспайды...» деп Шоқан Уәлиханов ХІХ ғ. да
атап өткендей, тілдің дамуы қазіргі таңда қызмет көрсету саласы мен әдебиет, өнер
саласында ғана айқын. Ал, ірі техникалық өнеркәсіп тілі – ақсап тұр. Осы тұрғыдан
дуальді оқыту жүйесі тіл дамыту мәселесін түбегейлі шешпегенімен, өндірістік техника
тілін қазақ тілінде сөйлетуге үлес қосушы тетік бола алады. Себебі,тілдің дамуы ешбір
техника, нанотехнологиямен емес, тек ұтымды, тәжірибелі қолданыс жүйесі арқылы
жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
2. «ҚР Тіл туралы» заңы 1997 жыл 11- шілде;
3. «Кәсіби қазақ тілі» пәнінен «Автомобиль көліктеріне техникалық қызмет
көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығына арналған Мәтіндер жинағы. Оқу
құралы/ Құрас.: Мусатаева Т.Ш. 2012 ж.;
4. Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50
бұйрығы;
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНТЕГРАТИВТІ МАКРООРТАСЫНДА ДУАЛЬДІ
БІЛІМ БЕРУ
ДУАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ В ИНТЕГРАТИВНОЙ МАКРОЦЕНТРЕ
ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
DUAL EDUCATION IN THE INTEGRATIVE MACRO CENTER OF VOCATIONAL
EDUCATION
Рымбек А.Ж. - Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қарағанды қаласы,
Қазақстан Республикасы.
Түйінді сөздер: дуальді білім беру, интеграция, интегративті макроорта кәсіптік білім
беру.
Ключевые слова: дуальное образование, интеграция, интегративное макросреднее
профессиональное образование.
Keywords: dual education, integration, integrative macro secondary vocational education.
Түйін: оқытуды дуализациялау процестері қазіргі білім беру орталарында жүзеге
асырылады, олар ақпараттандыру мен жаһанданудың әсерінен бірігу тенденцияларымен
сипатталады, бұл "кәсіптік білім берудің интегративті макроортасы" ұғымын енгізуді
анықтайды. Мұндай макроорта жалпы, кәсіптік және қосымша білім берудің білім беру
ресурстарын біріктіреді. Қолданыстағы ішкі байланыстар интегративті макроорта ішкі жүйелері
115

