Page 115 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 115
ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ- МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІН ӨСІРУ ТЕТІГІ
ДУАЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ - ЗАЛОГ РАЗВИТИЯ ГОСУДАРСТВЕННОГО
ЯЗЫКА
DUAL EDUCATION IS THE KEY TO THE DEVELOPMENT OF THE STATE
LANGUAGE
Омарова Б.З.- қазақ тілі, кәсіби қазақ тілі пәнінің оқытушысы, Энергетика бөлімінің
меңгерушісі, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Қарағанды, Қазақстан
Республикасы
Хасенов М.М. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Қарағанды жоғары
политехникалық колледжі, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
Түйінді сөздер: дуальді оқыту, орта кәсіптік білім, кәсіби қазақ тілі, өндірістік орта.
Ключевые слова: дуальное обучение, среднее профессиональное образование,
профессиональный казахский язык, производственная среда
Keywords: dual education, secondary vocational education, professional Kazakh language,
working environment
Түйін: бұл мақалада дуалді оқыту платформасы аясында қазақ тілінің өндірістік тілге
айналып, кәсіби қазақ тілі арқылы Мемлекеттік тіл мәртебесін өсіру жолдары туралы.
Аннотация: в данной статье рассматриваются задачи статуса государственного языка
через развитие профессионального казахского языка на производстве в рамках дуального
образования.
Abstract: this article discusses the tasks of the status of the state language, through the
development of a professional Kazakh language in the workplace within the framework of dual
education.
“Қазақ тілі ғылым жолына салынып реттелсе,
ешбір жұрттың тілінен кем болатын емес,
бұған илануымыз керек”.
Халел Досмұхаммедұлы
Дуальді оқыту - мемлекеттік тіл мәртебесін өсіру тетігі, өйткені, тіл өндіріс, ғылым
тілінде сөйлегенде ғана қолдану аясы кеңейіп, сұраныс артып, нәтижесіз оқытудан
арылып, бір кездері айтылған «Қазақ тілі ас үй деңгейінде қала береді...» деген сыңар
жақты пікірден құтыламыз, ал тілді дамыту мәселесі мемлекет алдында тұрмас еді.
Қазіргі таңда Мемлекеттік тілді дамыту аясында шығарылған заңнамадан бастап
жүзеге асырылған түрлі шараларға дейін өз жемісін беруде. Алайда, ХХІ ғасыр басында
биік мінбеден 2020 жылы Мемлекеттік тілді меңгерген саны -80% ға жетеді деген
жарлыққа сәйкеспіз бе? Жетістікке жеткен, тоқтап тұрған тұстар аз емес. Осы тұрғыда
Кәсіптік білім беру мекемелерінде жүргізілетін «Кәсіби қазақ тілі пәні» – тілді
дамытудың бірден бір тетігі, шешуші ролін атқаратындай іспеттес. Әрине, бұл пән
бойынша арнайы Оқу жұмыс бағдарламасы әзірленіп, әдістемелік кешен де бар, жұмыс
жүргізіліп те жатыр.
Колледжде енгізілген дуальді оқыту жүйесі оқытушылар үшін мемлекеттік тілді
дамыту барысына жаңаша көзқарас берді. Өндіріс барысында жүрген студенттердің
сұранысы негізінде жоспарланған сабақ нәтижесі ұтымды екені байқалды.
Атап айтсақ, «КазТехно» зауыты базасында дуалді оқыту бағыты бойынша оқып
жүрген 11-2-ТОРА-21 тобының студенттеріне дәріс беру барысында тілді үйрену, оқыту
мәселесі жайында сауалнамалар алынды.
Өндіріс базасында жүрген студенттердің саулнамасын саралай келе, қазақ тілінің
өндірісте мүлде қолданылмайтындығы айтылып, тілге деген сұраныстың осы тұста
тоқтағаны белгілі болды.Ұстаздық тұрғыдан ойлана келе, жас маманның тұлғалық өсуі,
114

