Page 12 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 12
Серикова С.К. - PhD, пост-докторант, КазНПУ имени Абая, Казахстан, Алматы
Сапаргалиева Б.О. - PhD, пост-докторант, КазНПУ имени Абая, Казахстан, Алматы
Түйінді сөздер: дуальді оқыту, дуальді оқыту жүйесі, білім беру бағдарламасы,
педагогикалық тәжірибе.
Ключевые слова: дуальное образование, дуальная система обучения, образовательная
программа, педагогическая практика.
Keywords: dualeducation, dualeducationsystem, educationalprogram, teachingpractice
Түйін: бұл мақалада Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде
«GeKaVoc 2020» жобасы аясында «Тұрақты энергиямен жабдықтау» бағыты бойынша
біліктілікті арттырудың апталық – пилоттық курсын өткізу әдістемесі қарастырылған. Курстың
атауы «Энергетикалық жүйелер мен желілер». Электр энергетикасы Қазақстан экономикасының
базалық саласы болып табылады. Сондықтан электрэнергиясын өндіруді арттыру біздің
мемлекетіміздің ғана емес, бүкіл әлемнің басты проблемасы болып табылады.
Аннотация: в данной статье рассмотрена методика проведения недельного пилотного
курса повышения квалификации по направлению «Устойчивое энергоснабжение» в рамках
проекта «Gekavoc 2020» в Карагандинском университете имени академика Е.А. Букетова.
Название курса «Энергетические системы и сети». Электроэнергетика является базовой
отраслью экономики Казахстан. Поэтому повышение выработки электроэнергии является
главной проблемой не только нашего государства, но и всего мира.
Abstract: This article discusses the methodology of conducting a one-week pilot training course
in the direction of «Sustainable energy supply» within the framework of the project «Gekavoc 2020» at
the Karaganda University named after Academician E. A. Buketov. Title of the course «Energy systems
and networks». The electric power industry is the basic branch of the economy of Kazakhstan.
Therefore, the increase in electricity generation is the main problem not only of our state, but also of the
whole world.
«GeKaVoC» халықаралық жобасы 2017 жылдан бастап үш жыл қатарынан
жүргізілді. Бағдарламаның негізгі міндеті логистика, мехатроника және тұрақты
энергиямен жабдықтау салаларындағы кәсіби даярлықты Қазақстанға көшіру, сонымен
қатар Қазақстанда неміс үлгісі бойынша оқу-жаттығу орталығын құруға бағытталған.
Бұл жоба кәсіби білім беру мен оқытудың неміс тұжырымдамаларын табыстау арқылы
неміс компаниялары үшін Қазақстанға жол салуға өзіндік үлесін қоса отырып, логистика,
мехатроника және тұрақты энергиямен жабдықтау салаларының болашақта дамуға
ықпалын тигізеді.
«GeKaVoC» жобасының негізгі мақсаты кәсіби білім беру мен кәсіби дайындық
саласында жаңа мүмкіндіктер жасау, Германиялық және Қазақстандық компаниялар мен
мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, сондай-ақ осы екі елдің
экономикалық дамуын нығайту болып табылады.
«GeKaVoC» жобасының негізі құрамы ВМУ Магдебург жауапкершілігі шектеулі
қоғамдастығынан (Экономика-адам-қоршаған орта), ТЮФ академиясынан (Техникалық
мониторинг қауымдастығы) Рейнланд және Отто фон Герике университеті Магдебург-
білім беру институтынан, сонымен қатар Қазақстан қауымдастығының серіктестері
ретінде Қазақстан Республикасының университетінен және Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінен құралған. Қазақстан
Республикасының 4 университетінің қатарына Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Е.А.
Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және Шәкәрім атындағы Семей университеті
жатқызылады.
«GeKaVoC» жобасы негізгі үш бағытты қарастырады: логистика, мехатроника
және тұрақты энергиямен жабдықтау. Әр бағыт бойынша курс атаулары таңдалып, солар
бойынша оқу жұмысының бағдарламалары құрылып талданды.
11

