Page 15 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 15

Сурет 2. Практикалық сабақтың өткізілуі













                              Сурет 3. Қорытынды емтиханда тест сұрақтарының тапсырылуы

                     Теориялық  оқытуда  курс  тақырыптары  бойынша  Қазақстан  Республикасындағы
               электр энергиясының дамуына жалпылама шолу жасалып, осыдан бұрынғы және қазіргі
               жағдайлары салыстырылып, электр энергиясын арттыру негізінде жасалынып жатқан іс
               әрекеттерге  әдебиеттік  шолу  жұмыстары  жүргізілді.  Сонымен  қатар,  Қазақстандағы
               электр  энергетикасы  саласындағы  барлық  тақырыптары  қарастырылып,  сондай-ақ
               қазіргі  уақытта  үлкен  назар  аударылып  отырған  жасыл  энергетика  проблемаларына
               талдау жасалынды.
                     Жалпы  электр  энергетикасы  Қазақстан  экономикасының  базалық  саласы  болып
               табылады. Сондықтан электр энергиясын өндіруді арттыру біздің мемлекетіміздің ғана
               емес, бүкіл әлемнің басты проблемасы болып табылады. Осыған орай еліміздегі жасалып
               жатқан жұмыстардың түрлері қарастырылды, яғни Қазақстан Республикасының электр
               энергиясының  нарығы,  Қазақстан  Республикасы  ОЭК  негізгі  мәселелері,  отын-
               энергетика  кешенін  дамытудың  2030  жылға  дейінгі  тұжырымдамасы,  Қазақстан
               энергетикасының инновациялық өнеркәсіптік даму перспективалары, қол жетімді және
               экологиялық таза энергия, дәстүрлі энергия көздерін жаңартылатын энергия көздерімен
               біріктіру  мүмкіндіктері,  2013  жылғы  «Жасыл  экономикаға»  көшу  жөніндегі
               тұжырымдамасы [4].
                     Практикалық сабақтарда тындаушыларға жеке-жеке тапсырмалар беріліп, есептеу
               жұмыстарын  жүргізу  талап  етілді,  жалпы  есептемелік  алгоритимдер  стандарттық
               әдістемелер  негізінде  жүргізілді.  Есептеу  жұмыстарының  әдістемесі  мысалдық  бір
               қондырғыда  жүргізілді,  сол  алгоритм  бойынша  тындаушылар  өздеріне  берілген  жеке




                                                            14
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20