Page 14 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 14

«Энергетикалық жүйелер мен желілер» пилотты курсының теориялық оқытуында
               «Кіріспе,  еліміздің  және  оның  құрамдас  бөліктерінің  энергетикасы,  энергетиканың
               заңнамалық  базасы,  еліміздің  экономика  саласына  отын  және  энергияны  қажеттілігі,
               өнеркәсіптік өндірістің негізгі салаларының жылу-энергетикалық жүйелері мен олардың
               отын-энергетикалық  кешенмен  байланысы,  өнеркәсіптік  жылу  энергетикасының
               құрылымы,      Қазақстан     энергетикасының       инновациялық      өнеркәсіптік     даму
               перспективалары, энергияға тұрақты қалалар мен кенттер, қолжетімді және экологиялық
               таза  энергия  көздері,  дәстүрлі  энергия  көздерін  жаңғыртылатындармен  үйлестіру
               мүмкіндіктері  туралы  түсінік»,  «Дәстүрлі  энергия  көздерінің  жаңартылатын  энергия
               көздерімен  үйлесімін,  қоршаған  орта  мен  су  асты  әлемінің  ластануын  болдырмауды
               ескере отырып, сондай-ақ климаттың өзгеру салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды
               ескере отырып, жылу және электр энергиясын тұрақты өндіру және тұтыну шараларын
               меңгеру  (мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  әріптестік  қатынастарды  есепке  алу)»,«ЖЭО
               бутурбиналық  қондырғыларының  аэродинамикалық  және  жылулық  есептерін жүргізу
               әдістері. ЖЭО қазандық агрегатының жылулық есебін орындау әдістері» тақырыптары
               қарастырылды  (1  сурет)  [2].  Практикалық  оқытуда  «Компьютерлік  технологиялар
               көмегімен объектінің  жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету  және  экономикалық  өсуді
               ескере отырып, ЖЭО жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.
               ЖЭО  жылу  схемасын  құру.  Таза  су  мен  санитария  нормаларына  сәйкес  бумен  және
               ыстық  сумен  қанағаттандырылатын  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың  жиынтықты
               жылулық жүктемесінің кестесін есептеу» жұмыстары орындалды (2 сурет). Практикалық
               тапсырмаларды  өз  бетінше  орындауда  «Жылытуға,  желдетуге  және  ыстық  сумен
               жабдықтауға арналған жылу шығындарын есептеу. Жылу технологиясы өндірісіне жылу
               шығынын  есептеу»  жұмыстары  жүргізілді.  Қорытынды  емтиханда  тыңдаушылар
               курстың теориясына байланысты тест сұрақтарына жауап беріп (3 сурет), практикалық
               жұмыстардың нәтижесі ретінде бітіру жұмыстарын (Выпускная работа) жасап тапсырды
               [3].














                                           Сурет 1. Теориялық сабақтың өткізілуі











                                                            13
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19