Page 13 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 13

2020 жылы «GeKaVoc 2020» жобасының қорытынды нәтижесі ретінде академик
               Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Тұрақты энергиямен жабдықтау»
               бағыты  бойынша  «Энергетикалық  жүйелер  мен  желілер»  бағдарламасы  бойынша
               пилоттық курсы өткізілді.
                     «Тұрақты  энергиямен  жабдықтау»  бағыты  бойынша  бағдарлама  қазіргі  таңдағы
               аймақтық проблемаларды шешуге қажет, қоғамда сұранысқа ие, бүгінгі күннің өзекті
               мәселелеріне  жатқызылатын  тақырыптар  бойынша  таңдалынып  алынды.  Аталмыш
               бағыт  бойынша  таңдап  алынған  бағдарлама  тақырыбы  «Энергетикалық  жүйелер  мен
               желілер». Бағдарламаларына курсына неміс үлгілері бойынша оқу жұмыс жоспарлары
               дайындалып, арнайы Германияның сарапшыларынан сараптамадан өткізілді [1].
                     «Энергетикалық  жүйелер  мен  желілер»  курсының  негізгі  мақсаты  білім
               алушыларда  әртүрлі  жылу  электр  станцияларының  құрылымы  мен  жұмыс  істеуі,
               өнеркәсіптік кәсіпорындарды жылумен жабдықтау жүйелері мен технологиялық энергия
               тасымалдағыштарды  өндіру  және  тарату  жүйелері  туралы,  Қазақстан  энергетикасына
               шолу жасай отырып, жылу-технологиялық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері
               мен конструкциялары туралы терең білімді қалыптастыру болып табылады.
                     Курстың негізгі міндеттері:
                      еліміздің  энергетикасы  мен  оның  құрамдастары  туралы,  энергетиканың
               заңнамалық  базасы  туралы,  отанымыздың  экономикасына  қатысты  отын  және
               энергияны туралы білімдерді қалыптастыру;
                      өнеркәсіптік  кәсіпорынның  жылу  энергетикалық  жүйесінің  құрамымен  және
               сипаттамасымен танысу;
                      энергия тасымалдағыштарды өндіру және тарату жүйелері туралы білімді, өндіріс
               жүйелерінің ұтымды схемаларын таңдау дағдыларын меңгеру;
                      жаңа    перспективалық      жылу-энергетикалық      және     жылу-технологиялық
               қондырғыларды  құру  мақсатында  зерттеулердің  теориялық  және  эксперименттік
               әдістерін меңгеру;
                      энергетикалық, жылу техникалық,  жылу технологиялық жабдықтарды, желілер
               мен жүйелерді есептеу кезінде қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана
               білу;
                      өндірісті   ұйымдастырудың        салыстырмалы        нұсқаларын      техникалық-
               экономикалық  есептеу  әдістерін  меңгеру,  жаңа  техника  мен  технологияларды  енгізу,
               кәсіпорындарды қайта құру және жаңғырту.
                     «Тұрақты энергиямен жабдықтау» бағыты бойынша оқу курстарының ұзақтығы 5
               күнді құрады.
                     Пилоттық топтағы тыңдаушылар саны 11 адам болды, оның ішінде университеттің
               «Жылу энергетикасы» және «Техникалық физика» білім беру бағдарламалары бойынша
               білім  алушылар  (студенттер)  –  6,  ҚарМУ  инженері  –  1,  колледж  оқытушылары  –  4
               (Жезқазған  жоғары  политехникалық  колледжі  –  1,  Әлихан  Мусин  атындағы  Балқаш
               гуманитарлық-техникалық колледжі – 2, Қарағанды политехникалық колледжі –1).
                     Курс    бағдарламасы      жаңа    тәсілдерді    қолдану    және     тыңдаушыларды
               «Энергетикалық  жүйелер  мен  желілер»  курсының  негіздерімен  таныстыру  үшін
               әзірленген. Тындаушылар теориялық материалдарды оқып, компьютердік технологияны
               қолдана  отырып,  жылулық  есептеулерді  орындау  білімдерін  іс  жүзінде  жүзеге  асыра
               алады.
                     Курс  теориялық  және  практикалық  міндеттерден  тұрады.  Курс  16.11.2020  ж.–
               20.11.2020ж. аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде
               өткізілді.  Өткізу  формасы:  онлайн  (ZOOM  платформасында).  Курс  бағдарламасының
               құрылымы:  теориялық  оқыту-1  күн;  практикалық  оқыту-2  күн;  практикалық
               тапсырмаларды өз бетінше орындау - 1 күн; қорытынды емтихан – 1 күн.


                                                            12
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18