Page 85 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 85

оқу уақытының 60% арналды. «Алып-2008» ЖШС, «Magnum cash & carry» ЖШС, «Ariko
               KZ» ЖШС және«Богатырь» ЖШС кәсіпорындарымен 3 жақты келісім жасалды(колледж
               –  кәсіпорын  –  Кәсіпкерлер  палатасы)  және122504  «Ет  жартылай  фабрикаттарын
               өндіруші» біліктілігі бойынша оқыған ИМП-18 тобы осы кәсіпорындарда тәжірибелік
               сабақтардан өтті.
                     2020  жылы  «Нәтиже»  сүт  фабрикасы»  ЖШС  тапсырысымен  «Маркетинг»
               мамандығы бойынша 15 студент «Азық-түлік тауарларын сатушы» біліктілігі бойынша
               оқу  курсын  аяқтады.  Жұмыс  оқу  жоспарлары  әзірленді  және  Ұлттық  кәсіпкерлер
               палатасымен  келісім  жасалып,  көрсетілген  біліктілік  бойынша  лицензия  алу  үшін
               құжаттар пакеті дайындалды.
                     Оқу курсы аяқталған соң «Нәтиже» сүт фабрикасы» ЖШС 10 түлек , «Алып-2008»
               ЖШС, «Magnum cash & carry» ЖШС  4-6 түлектен жұмысын жалғастырып жатыр. Оқуды
               дуальді  жүйе  бойынша         бітіріп  шыққан  түлектердің        әлеуметтік  серіктестік
               кәсіпорындарда жұмысты жалғастыруыныңкөрсеткіші  әзірше 60% .
                     Қазіргі кезде колледжде дуальді  білім  беру  бағдарламасы бойынша 129  студент
               білім алуда, оның ішінде:
                     - «Маркетинг» мамандығы бойынша 15 адам ;
                     - «Макарон  және кондитерлік өнімдер өндірісі» мамандығы бойынша 25 адам;
                     - «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 50 адам;
                     - «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
               мамандығы бойынша 39 адам, оның ішінде 2 курста  25 адам және 1 курста 14 адам;
                     Колледждің  әлеуметтік  серіктестері  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын
               әзірлеуге қатысады, студенттердің кәсіптік тәжірибесін, арнайы пән оқытушылары мен
               өндірістік  оқыту  шеберлерінің  тәжірибеден  өтуін  ұйымдастырады,  қорытынды
               аттестацияға қатысады (МҚАК, сынақ жұмыстары).
                     Дуальдік оқытудағы негізгі мәселе – тәлімгерлер жетіспейді. Тәлімгерлік маңызды
               рөлдердің бірін атқарады, өйткені студенттер жұмыс орнында өздігінен жүре алмайды.
               Сондықтан  ұйымдарда, ұжымдық шарттарда тәжірибелі жұмысшыларды ынталандыру
               ретінде  тәлімгерлік  еткені  үшін  жалақыға  үстеме  ақы  қарастыру  қажет.  Білім  беру
               ұйымдарымен  оқытудың  дуальді  нысанын  тәжірибеде  енгізу  кезінде  шарт  жасасқан
               кезде    ұйымдарда     Қазақстан    Республикасының       қолданыстағы      заңнамасының
               нормаларымен  жеткілікті  түрде  реттелмегендіктен  проблемалық  мәселелер  туындауы
               мүмкін.
                     Қорытындылай келе оқу үрдісіне дуальді оқыту жүйесін енгізу арқылы күтілетін
               нәтижелер аз емес.
                     Олар:
                     - теория мен тәжірибе сабақтар арсындағы алшақтық жойылады;
                     - түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін табады;
                     - оқу орны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескеріп
               отырады;
                     - жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік
               талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарда, дуальді оқу жүйесі бойынша модульдік
               оқу бағдарламаларын дайындауға қатысады;
                     -  дуальді  оқу  жүйесімен  оқыған  оқушы  белгілі  құзыреттерді  меңгерген  кәсіби
               маман болып қалыптасады.
                     Қазақстанда  дуальді  оқытуға  қатысушылардың  саны  жыл  сайын  артып  келеді.
               Нәтижесінде барлығы – студенттер де, университеттер де, жұмыс берушілер де ұтады.
               Алдағы жылдары техникалық кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлінетін болады. Олар
               ел  ішінде  алтынмен  тең.  Мәжіліс  отырысында  ел  президенті  Қасым-Жомарт  Тоқаев
               гуманитарлық  білім  беруден  техникалық  білімге  басымдық  беруді  өзгертіп,  отандық



                                                            84
   80   81   82   83   84   85   86   87   88   89   90