Page 83 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 83
қиындықтарды бастан кешіреді, сондықтан жұмыс берушілермен өзара іс-қимылдың
жаңа механизмі қажет, ол: өндіріс технологиясы мен еңбекті ұйымдастырудағы
өзгерістерді уақытылы анықтауға, жұмыс берушілердің кәсіптерге, жаңа еңбек
функцияларына талаптарын зерделеуге, қажетті қосымша құзіреттіліктерді анықтау,
еңбек нарығын ескере отырып жалпы кәсіптік білім алу қажеттілігін қалыптастыру .
Яғни, кәсіби қызметтің функционалдық талдауын шығару қажет.
Соңғы жылдары дуальді оқытуды дамыту бойынша маңызды шаралар қолға
алынды, яғни кадрларды даярлау процесіне бизнесті тарту үшін Білім министрлігі
заңнамалық база жасады. Дуальді оқыту тұжырымдамасы Еңбек кодексіне енгізілген,
«Білім туралы» заң өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың кемінде 60 пайызын
өндірісте өткізуге міндеттейді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
дуальді оқытуда мазмұнды 80 пайызға дейін өзгертуді көздейді.«Атамекен» Ұлттық
кәсіпкелер палатасы көмегімен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына
«тәлімгер», «өндірістік оқыту» терминдері енгізілген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне «дуальді оқыту», «дуальді оқыту
шарты» ұғымдары, сондай-ақ «Дуальді оқыту» жаңа бап енгізілді (119-бап).
Министрлік «Атамекен» Ұлттық кәсіпкелер палатасымен бірлесіп дуальді
оқытуды ұйымдастырудың әзірленген Ережесін бекітті.
Бұл бағыттағы мемлекеттің басты жоспарлық құжаты – дуальді оқыту жүйесін
енгізудің Жол картасы. Ол 13 басым сектор, 99 мамандық және 152 біліктілік бойынша
жүзеге асырылды. Жол картасына 2513 кәсіпорын қатысып, 335 ТжКБ ұйымымен 26342
студентті бірлесе оқыту шарттарын қабылдаған.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкелер палатасы құрылғаннан бері 4114 кәсіпорын, 442
колледж, 43225 колледж студенті дуальді оқытудың қатысушысы атанды, 10380 түлек
дуальді оқыту бағдарламасымен бітіріп шықты.
Дуальді оқыту шеңберінде жұмысқа орналастыру шаралары дуальді оқыту
шартында бос орындар болған жағдайда жұмысқа орналасуға жәрдемдесу ретінде
қарастырылған. Жұмыспен қамту деңгейі 85%, дәстүрлі білім беруден 67%
айырмашылығы таңдалған білім беру формасының тиімділігін көрсетеді.
Қазақстандағы бизнес өкілдерінің жалпы санына пайыздық қатынаста өте аз санды
құрауының бір себебікәсіпорындардың дуальді оқыту туралы хабардарлығының
төмендігі. Қазіргі кезде кең тараған «адами капитал» ұғымын түсіну, ең алдымен, оны
түсіну мәдениетін қалыптастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, мамандар ТжКБ ұйымдары оқытудың практикалық құрамдас
бөлігін мойындамайды және оған жеткілікті мән бермейді деп есептейді, бұл сәйкесінше
өндірістік оқытуға бөлінген уақыттың жеткіліксіздігіне әсер етеді.
Дуальді оқыту бір уақытта оқуға және жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Студент
кәсіптік білім беруді ұйымдастыруда теориялық білім алады, сонымен бірге кәсіпорында
тәжірибеде қолданады. Дуальді оқыту кезінде оқу жоспары жасалады, оған сәйкес оның
қай күндері оқитыны және өндірістік оқытудан өтетін кәсіпорында қай күндері жұмыс
істейтіні көрсетілген арнайы кесте жасалады
Яғни, колледжді немесе университетті бітіргеннен кейін студенттің дипломы
қазірдің өзінде ұзақ жұмыс тәжірибесімен расталады.
Білім берудің қай жерден басталатыны – оқыту немесе тәжірибеден өту – студент
таңдаған колледжге байланысты.
Дуальді жүйемен оқытудың жетістігі көп. Біріншіден, бітіруші түлектердің
жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады.
Екіншіден, жақсы білімді болашақ маман психологиялық жағынан жаңа ортаға
бейімделген дайын маман болып шығады. Жұмыс орнында өздігінен шешім қабылдай
82

