Page 82 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 82

1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
               білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
                     2) меншік нысанына қарамастан ұйымдар (кәсіпорындар);
                     3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.
                     Дуальді оқытудың міндетті компоненттері:
                     1) дуальді оқыту туралы шарт;
                     2) ұйыммен (кәсіпорынмен) келісілген дуальді оқытудың жұмыс оқу жоспары;
                     3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу,
               жұмыс орындары және/немесе ұйымдардағы (кәсіпорындардағы) кәсіптік оқу орталығы;
                     4) ұйымдарда (кәсіпорындарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың
               білікті тәлімгерлері болып табылады.
                     Елбасының      «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»         Жолдауы  біздің  барлық
               бағыттарымыздың  бағдаршамы  іспетті. Дуальдік оқыту жүйесін енгізу – халықаралық
               білім  беру  стандарттарына  сай    жас мамандардың  жұмысқа       тұру  мүмкіндігі   және
               бәсекеге  қабілетті кадрлар  дайындаудың кепілі болып табылады. Бұл жүйе – теориялық
               білім мен практикалық білімді ұштастыра білген  және  кадр  дайындауда  ықпалы  зор
               әлем мойындаған форма.
                     Қазіргі таңда әлемнің 60 елінде дуальді оқыту жүйесімен жұмыс жасауда, оның
               ішінде индустриясы дамыған елдер Германия, Англия, АҚШ, Оңтүстік Корея және т.б.
               елдерде жұмысшы кадрларын даярлауда жақсы жағынан көрсеткен. Германиядағы оқу
               орындары мен орталықтарының 50%-дан астамы дуальді оқыту жүйесі бойынша жұмыс
               істейді.  Мұндай  бағдарламалар  бойынша  оқыту  340  мамандықпен  бейіні  бойынша
               жүргізіледі. Жыл сайын неміс кәсіпорындарында жұмыс істейтін мамандардың 54%-дан
               астамы  осындай  колледждердің түлектері.  Германиядағы оқытудың  бұл  формасының
               ерекшелігі: колледждер өндіріспен байланыста мамандар дайындайды. Оқу жоспарлары
               студент  аптасына  1  немесе  2  күн  теориялық  дайындықтан  өтіп,  3  немесе  4  күн
               кәсіпорында жұмыс істейтіндей етіп жасалған. Студент компаниядан немесе зауыттан
               жалақы мен әлеуметтік жәрдемақы алады.
                     Оқуды аяқтағаннан кейін түлек мемлекеттік емтихандардың бір түрін тапсырады.
               Мұндай  бағдарламаға  қатысатын  кәсіпкерлер  қомақты  қаржы  құйғанымен,  бұдан  да
               қомақты пайда көреді. Маман даярлауға салған ақшасының барлығы  9 айда, ең көбі 2-3
               жылда  жүз  есе  қайтарылады.  Бүгінде  Германияда  білікті  жұмысшыларға  қажеттілік
               артып  келеді,  сондықтан  мигранттарды  дуальді  оқыту  бағдарламасы  өзекті  болып
               табылады.  Ол  3+2  принципі  бойынша  жұмыс  істейді.  Шәкірт  атанған  мигрант
               кәсіпорында оқуына жұмсаған ақшасына жұмыс істегенде 3 жыл оқу және одан кейінгі
               2  жыл  елде  заңды  болу  құқығын  алады.  Шәкірттік  бағдарлама  Америка  Құрама
               Штаттарында  да  жұмыс  істейді.  Ол  18  жасқа  толмаған  жастарды  қамтиды.  Оқыту
               негізінен техникалық бағытта жүргізіледі. Ұлыбританияда жыл сайын миллионға жуық
               адам дуальді білім алады.
                     Тарихымыздағы  кеңестік  кезеңді  –  кәсіптік-техникалық  училищелерді  еске
               түсірсек,  ол  кезде  білім  беру  ұйымдары  мен  еңбек  ұжымдарының  ынтымақтастығы
               принципі  болды,  оқу  орындарына  кәсіпорындардың  қамқорлығы  болды.  Өндірісте
               тәлімгерлік  дамып,  жас  мамандарға  қолдау  көрсетілді.  РСФСР-дің  1974  жылғы
               «Халыққа  білім  беру  туралы»  Заңының  64-бабында:  «Кәсіпорындар,  мекемелер  мен
               ұйымдар  жұмысшыларды  өндірісте  кәсіптік  оқыту  үшін  қажетті  жағдайлар  мен  оқу-
               өндірістік  база  жасайды,  олардың  оқытылуына  бақылауды  жүзеге  асырады»  деп
               көрсетілген.  Жаңаның бәрі  - ұмытылған ескілер!
                     Дәстүрлі білім берудің негізгі проблемасы кәсіптік білім беру түлектерінің бәсекеге
               қабілеттілігінің  төмендігі,  білім  нәтижелері  мен  жұмыс  берушілердің  талаптарының
               сәйкес  келмеуі,  орта  кәсіптік  оқу  орындарының  түлектері  жұмысқа  орналасуда



                                                            81
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87