Page 89 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 89
техникалық колледж білім беру мекемелерімен сұранысқа ие болатын білім беру жүйесін
енгізу жан-жақты талқылануы қажет. Әлемдік тәжірбиеге қарағанда, білім берудің
дуальді жүйесі мамандықты толықтай игеруіне ықпал етіп, еңбек өнімділігі артады және
жұмыссыздық азаяды. Дуальді білім беруде әлеуметтік серіктестермен тығыз
байланыста болу. Еңбек нарығы жағдайларына байланысты кәсіпорындармен әлеуметтік
серіктестік мекемелермен келісе отырып, өндірістік машықтандыруды жүзеге асыру
бойынша бірігіп дуальді оқытуда мамандар дайындауда – әдістемелік мәселелер
бойынша келісім шарт міндеттерін жасау. Студенттердің қызығушылығы мен
мекемелердің сұранысына қарай жұмысқа деген ынтасын ептілігі мен ұқыптылығын
арттыру. Дуальді жүйе бойынша оқытылатын тұлғаның қажетті біліктілік пен еңбек
дағдыларына, кәсіби білімге ие болса еңбек нарығында сұранысы жоғарылайды.
Сонымен бірге оқу орны болсын мекемелерде де осы мамандыққа деген сұраныс көбейіп,
халықтың жұмыссыздығы кемиді. Бұл біздің кәсіптік техникалық колледждердің, білім
беру мекемелерінің бәсекелесуге қабілеттілігін жоғарылатады деп сенеміз. Өндіріс
орындарының сұранысы негізінде кәсіби деңгейі жоғары көп салалы маман даярлауда
колледж қосымша жұмысшы мамандықтарды оқытуды қажет етеді. Көп салалы
мамандықтарды даярлаудың, қосымша мамандықтарды игерудің негізгі түсінігі
тәжірбиедегі уақыттарын тиімді пайдалану өндіріс орындарымен келісілген оқу
жоспары арқылы жүргізіледі.
2021-2022 оқу жылында Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде
«Электржабдықтар» мамандығы бойынша дуальдік оқыту жүйесіне 11-1-ЭО-21 және 11-
2-ЭО-21 топтарын алдық. Студенттер кәсіби тәжірибелерді өте алу үшін «Қарағанды
Жарық» ЖШС мен «Ашимов М.М.» ЖШ 220 Вт мекемелерімен келісім шартқа отырдық.
Осы аралыққа дейін студенттер тәжірибелерін осы мекемелерде өтуде. Мекемеде өткен
тәжірибелердің нәтижесі бойынша «Ашимов М.М.» ЖШ 220 Вт мекемесіне 11-1-ЭО-21
тобынан 2 студент жұмысқа орналасты.
Оқу-танысу тәжірибі кезінде студенттер энергетикалық «Қарағанды Энергоцентр»
ЖШС ЖЭО-3, ЖЭО-1, «КазПромАвтоматика» ЖШС, «Қарағанды Энергоуголь» ЖШС,
«Қарағанды Турбомеханикалық завод» ЖШС мекемелеріне саяхатқа барады. Саяхатқа
бару мақсатымыз мекемелердің жұмыс істеу үдірісімен танысу.
Энергетикалық мекемедегі саяхат
Қорыта келгенде, егер дуальдік жүйемен оқыту әдістемесі жетілдіріліп, заңды
түрде күшіне енгізілсе, жақсы нәтиже береді деп есептеймін:
1. Дуальдік жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін,
яғни теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
88

