Page 81 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 81
КОЛЛЕДЖДЕГІ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫ ЕНГІЗУ ТӘЖІРИБЕСІ: МӘСЕЛЕЛЕРІ
МЕН ШЕШІМДЕРІ
ОПЫТ ВНЕДРЕНИЯ ДУАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ В КОЛЛЕДЖЕ: ПРОБЛЕМЫ И
ПУТИ РЕШЕНИЯ
EXPERIENCE OF IMPLEMENTING DUAL EDUCATION IN COLLEGE:
PROBLEMS AND SOLUTIONS
Тусупбеков А.А. - заместитель директора по учебно-производственной работе, КГУ
«Карагандинский индустриально-технологический колледж», Республика Казахстан,
Караганда
Тукбаева Д.К. - мастер производственного обучения,КГУ «Карагандинский
индустриально-технологический колледж», Республика Казахстан, Караганда
Түйінді сөздер: дуальді оқыту, кәсіпорынмен тығыз байланыс, әлеуметтік серіктестер.
Ключевые слова: дуальное обучение, тесные связи с предприятием, социальные
партнеры
Keywords: dual training, close ties with the enterprise, social partners
Түйін: жұмыс берушілердің білімге инвестиция салуы экономикалық тұрғыдан тиімді,
өйткені «соңында» олар осы нақты кәсіпорынның жұмысының ерекшеліктерін жетік білетін
дайын маманды алады.
Аннотация: работодателям, в конечном счете, экономически целесообразно
инвестировать в образование, поскольку «на выходе» они получают готового специалиста,
досконально знакомого с особенностями работы именно этого предприятия.
Abstract: ultimately, it is economically feasible for employers to invest in education, since at the
end they receive a ready-made specialist who is thoroughly familiar with the specifics of the work of
this particular enterprise.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің талабы. Осыған байланысты
колледжіміздегі білім алушылардың мамандығын сүйетін дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін
жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай:
- білім алушыларды өзгергелмелі өмірде қорықпай, еркін жұмыс жасауға бағыттау;
- білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдай алатындай дәрежеде тәрбиелеу;
- ойлау қабілетін дамыту;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларымен қалыптастыра дамыту.
Техникалық және кәсіптік білім беру саласын жаңғырту мақсатында Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізуді тапсырды. Еліміздегі
компаниялар мен кәсіпорындарға шұғыл түрде дуальдік оқыту жүйесіне араласуға
тапсырма берді. «Дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы
қабылданды.
Дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының
жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім
алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту
мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.
Дуальді оқыту жүйесінің басты мақсаты - бәсекеге түсе алатын мамандығы бар,
кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін
жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіру болып табылады.
Дуальді оқыту жүйесінің міндеті - колледжді бітірген жас маман кәсіби жүйедегі
оған белгіленген жердегі жұмысының өнімді болуы болашақ маманның кәсіби әрекетіне
толық даярлығын қалыптастырады.
Дуальді оқытудың қатысушылары:
80

