Page 87 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 87
түлектерін даярлаудың жоғары деңгейін талап етіледі, яғни қазіргі заманғы өндірістік
салалар өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алатын, өндірісте теориялық және
практикалық дағдылардың жоғары деңгейіне ие мамандарға мұқтаж.
Алайда, саланың құрылымын, оның ерекшеліктері мен менеджментін толық
саралап стандарттар негізінде мамандар даярлауды жүзеге асырылуы тиіс. Кейде қазіргі
заманғы түлектер қазіргі заманғы салалардың талаптарына жауап бермейді, яғни алған
білімдерін іс жүзінде қолдана алмайды.
Бүгінгі таңда колледж түлегі өндірістік құзыреттілікке ие болуы керек: техникалық
және шығармашылық ойлау мен креативтілікке ие болу; шұғыл өндірістік мәселелерді
шешу; инновацияларға ашық болу; кез-келген деңгейдегі өнеркәсіпті басқаруда
құзыретті бола білуі тиіс. Колледждердің материалдық-техникалық ресурстарымен бірге
бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сәттілігі – ол жақсы жабдықталған
халықаралық талаптарға сәйкес жабдықталған кәсіпорын кілті болып табылады.
Қазіргі кезде, әлемде оқытудың дуальді жүйесі кәсіптік-техникалық кадрлар
даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол кәсіптік оқыту үдерісінің
басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда кәсіби, технологиялық, диплом
алдындағы тәжірибелерден өтеді.
Шаруашылықтың қай саласын да өздері таңдаған мамандықтарын кәсіби тұрғыдан
жан-жақты игеріп, озық технология мен заманауи техника тілін меңгергендер ғана
дамыта алады. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру
міндетін әлеуметтік серіктестік, теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқарады. Бұл
үйлесімділік дуальді білім беру жүйесінде жан-жақты өрістей алады. Өңірлерде дуальдік
жүйені енгізу бойынша жұмыстар кәсіпорындармен оқу жоспарларын, оқу процесінің
кестесін қайта қараумен, кәсіптік білім беру орындарының материалдық-техникалық
базасын жетілдірумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, мамандықтар тізімін
ұлғайтуға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға ден қойылуда. Дуальді жүйемен
оқытудың жетістігі көп.
Біріншіден, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары болады,
себебі оқу барысында өндіріспен тығыз байланыста болған оқушы жұмыс берушінің
барлық талаптарын игеріп, меңгерген жұмысшы маман болады.
Екіншіден, жақсы білімді, болашақ жұмысшы маман психологиялық жағынан жаңа
ортаға бейімделген дайын маман болып шығады. Өндірісте өздігінен шешім қабылдай
алады. Теория мен тәжірибені меңгеріп, бекітілген жұмысқа деген жауапкершілік сезімі
жоғарылайды. Өндірісте болғандықтан ұжыммен жұмыс жүргізеді және өндірістегі
жұмыстарға бейімделеді.
Үшіншіден, «тәжірибеден теорияға» принципімен жұмыс жүреді, оқушы
теориялық, яғни текстпен айтудан гөрі, өндірістегі жағдаяттарға сәйкес жұмыс жүргізеді.
Теориядағы қиындық келетін терминдер мен есептерді тәжірибе жүзінде шешеді.
Төртіншіден, жұмыс берушінің оқушыға берген бағасы дайындалған маманның
біліктілігімен байқалады. Алғашқы күннен бастап ұзақ уақыт өндірісте жұмысшы болған
оқушы, өзінің білім мен ынтасын көрсетеді.
Бесінші, оқытушы тек қана теорияны ғана меңгермей, өндірістегі соңғы
жаңалықтарды біліп, заманауи талаптарды меңгереді.
Алтыншы, бюджеттік шығын азаяды, себебі оқуға кеткен шығынның біраз бөлігі
өндірісте болғандықтан оқушы оны күнделікті көріп, игереді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы дуальді оқыту технологиясы енгізіліп,
жүзеге асқан кезде қол жеткізетін нәтижелер. Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру
жүйесі ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және
келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Өйткені, экономиканың
қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс та күн санап артуда.
86

