Page 29 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 29
Демек, осындай өзгешеліктер мен жаңалықтарға жылдам бейімделіп, тез сіңісіп
кетуі болашақ маманның, соның ішінде педагогтың практикалық даярлығының
жеткілікті көлемі мен жоғары деңгейі талап етіледі.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы арналған білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында педагогтың адам капиталын қалыптастыруға ықпалының
басымдығы, білім беру жүйесіндегі проблемаларды шешудегі аса маңыздылығы басым
көрсетіліп, оларды кәсіби даярлау мазмұнының сапасын жақсарту мен бәсекеге
қабілеттілігін арттыру міндеттелген [1].
Ал бұл болса, болашақ педагогтардың жоғары білім алу барысында келешектегі
кәсіби қызметіне практикалық бағдарлы даярлануын, яғни практикалық дайындығын
күшейту қажеттілігін арттырады. Осыған байланысты педагогикалық білім беруде
теориялық даярлығы мен практикалық даярлығы оқу орнында және өндірісте, яғни біздің
жағдайымызда колледждерде, жоғары оқу орындарында қатар жүруді жүзеге асыратын
дуальді оқыту өзекті болып табылады.
Дуальді оқыту жүйесінде студент тек нақты еңбек міндеттерін орындауды үйреніп
қана қоймай, ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытады, әлеуметтік құзыреттілік пен
жауапкершілікті қалыптастырады. Дуальді жүйе өз мансабын басқаруға тамаша
мүмкіндік береді. Кәсіпорын үшін дуальді білім – бұл қызметкерлерді іздеу және іріктеу,
оларды қайта оқыту және бейімдеу бойынша шығындарды үнемдеп, олардың барлық
талаптарына барынша сәйкес келуін қамтамасыз ете отырып, кадрларды дәл
«тапсырыспен» дайындау мүмкіндігі. Сонымен қатар ең үздік оқушыларды іріктеуге
мүмкіндік бар, себебі үш жыл ішінде олардың күшті және әлсіз жақтары айқын болады.
Өз кезегінде, мұндай тәсіл оқушыларды оқуға ынталандырады [2].
Неміс ғалымдарының (А.Шелтен, К.В.Штратман, H.Stegmannжәне т.б.) ғылыми
еңбектері дуальді оқыту кәсіптік білім беру мен өндірістік ортаның өзара тығыз
байланысы мен даму тенденцияларын есептеу мен сұраныс өзгерісіне байланысты дер
кезінде әрекет ету сияқты қарым-қатынасты қамтамасыз ететінін көрсетеді [3]. Отандық
кәсіптік білім беру жүйесі үшін өндірістік ортамен тығыз байланыс орнату ең өткір және
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан дуальді оқыту бойынша мақсатты
бағытталған, орынды бағдарлама қажеттігі көрінді.
Дуальді оқыту жүйесі проблемасы аясында ресейлік ғалымдар С.П.Романов,
Г.А.Федотова, Л.Н.Самолдина, А.Н.Кирилловский және т.б. ғылыми зерттеулер
жүргізіп, оның нәтижелілігі мен тиімділігін атап өтеді [4].
Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беружүйесінің дамуының
стратегиялық мақсаты – «Техникалық кәсіптік білім беру модернизация жүйесі
қоғамның сұранысымен және индустриялық-инновациялық экономиканың дамуы,
дүниежүзілік білім беру аясына шоғырлануы». Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңыңда «кооперативтік оқыту – мамандардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру
формасының бірі ретінде, корпоратив негізінде жауапты мемлекет, білім беру
мекемелері мен жұмыс беруші» деген ұғым дуальды жүйенің практикалық ретінде болуы
[5].
Кәсіптік білім беруде дуальді оқытуды іске асыру негізінде – Қазақстанда ұлттық
біліктілік жүйесі әзірленді. (ҰБЖ) – бұл ұлттық біліктілік жүйесі еңбек нарығындағы
мамандардың біліктілігіне сұраныс пен ұсынысты реттеуге мүмкіндік беретін тетік,
сондай-ақ ол білім және еңбек нарығы салаларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
«Қазақстан Респуликасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» 2012 жылы 17- ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексіне ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру жөнінде
28

