Page 30 - Сборник 2022 КВПТК Book
P. 30
ережелер енгізілген. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымдық сипаты сурет 1-де
көрсетілген.
ҰБЖ • Ұлттық біліктілік жүйесі
ҰБШ • Ұлттық біліктілік шеңберінде
СБШ • Салалық біліктілік шеңбері
КС • Кәсіби стандарт
• Мамандардың кәсіби даярлық деңгейін бағалау және біліктілікке сәйкестігін
КДБ растау
Cурет 1.Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымдық сипаттамасы
Ұлттық біліктілік шеңбер (ҰБШ) – бұл білікті еңбек нарығындағы талаптардың
білім беру жүйесінің, мамандардың, ұлттық біліктілік шеңбері бекітілді. Бұл білікті
еңбек нарығындағы тараптардың -білім беру жүйесінің, мамандардың, бизнестің өзара
қарым-қатынасын түбегейлі өзгертуге бейімделген нағыз қағидатты және жүйелі қадам.
Аталған құжат қабылданғаннан кейін Қазақстанда мамандардың біліктілігін растаудың
және берудің жаңа жүйесі қалыптастырыла бастайды.Қазақстандық Ұлттық біліктілік
шеңберінің ерекшелігі болып оның Ұлттық біліктілік жүйесінің ажырамас бөлігі болуы,
ел ауқымында сегіз деңгей бойынша Еуропалық біліктілік шеңберіне сәйкес келуі және
оқыту нәтижелеріне 63 негізделуі саналады. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді салалық
мемлекеттік органдар, қызметкерлердің бірлестіктерімен бірлесіп тікелей жұмыс
берушілер, жұмыс берушілердің бірлестіктері жүзеге асырады. Мамандардың
біліктілігінің сәйкестілігін растау және біліктілік беру тәртібіне, сондай-ақ персоналға
сертификат берудің бекітілген схемаларына сәйкес біліктілікті растаудың тәуелсіз
жүйесін енгізу іске асады
Дуальді оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының
жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім
алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту
мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны.
Дуальді оқыту жүйесінің басты мақсаты – бәсекеге түсе алатын мамандығы бар,
кәсібін нақты таңдаған, жұмысқа орналаса алатын және өзінің кәсіби білімін
жоғарылатуға ұмтылған жас тұлғаны өсіру болып табылады.
Дуальді оқыту жүйесінің міндеті – колледжді бітірген жас маман кәсіби жүйедегі
оған белгіленген жердегі жұмысының өнімді болуы болашақ маманның кәсіби
әрекетінетолық даярлығын қалыптастырады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда және шетелде орындалған көптеген зерттеулерде
дуальды оқыту ұғымын анықтау бойынша тұжырымдар жасалған.
29

